ARMY үшін жағымсыз жаңалық! Әйгілі BTS тобының жігіттері Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскерге аттанбақ. Бұл ақпаратты ресми түрде мемберлердің жетекшісі «BigHit Music» лейблының өзі мәлімдеді. Әзірге бойзбендтегі барлық өнерпаз әскерге кете ме, әлде таңдалып алына ма белгісіз. Алайда, k-pop ұжым күллі әлемдегі тыңдармандарын қуанту үшін 2025-ші жылы ғана қайта бірігеді деп жоспарланып отыр.