Біріккен Ұлттар ұйымы деректеріне сәйкес, Қазақстан Орталық Азия елдері арасында халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы бойынша бірінші орынға шықты. Орташа жас – 75,4. Бұл – еліміз үшін тарихи ең жоғары көрсеткіш. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында айтты. Министрдің мәліметінше, еліміз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген міндетті мерзімінен