Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай ҚР Президентінің Іс басқармасында «Мемлекеттік тіл – татулықтың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Toppress.kz. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, маңызын насихаттауға арналған жиынға Іс басқармасының орталық аппараты мен ведомстволық қарасты ұйымдарының қызметкерлері, уәкілетті органдардың өкілдері, тіл мамандары қатысты. Басқосуды жүргізген Президент Іс Басқармасының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің