«QazaqGaz» ҰК» АҚ «Самұрық-Қазына» қорының портфельдік компаниялары арасында адам ресурстарын басқару саласындағы озық тәжірибелермен алмасуға бағытталған HR Connect іс-шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды Toppress.kz. Талқыланған өзекті тақырыптардың қатарында дуальды оқыту, әлеуметтік қолдау шаралары, корпоративтік мәдениетті дамыту және жас мамандарды қолдау мәселелері болды. Сонымен қатар, QazaqGaz компаниялар тобының қызметкерлері «Үздік Маман» байқауы, Әйелдер клубы сияқты жобалар және