Қазақтың салты бойынша, жас нәресте туған кезде ата-анасы ең сыйлы, қатты құрмет тұтатын адамына өз сәбиінің есімін қойғызады. «Балаға қандай ат қойылса, оның болашақ тағдыры соған байланысты болады» деген наным-сенімнен болса керек. Бала – адамның бауыр еті. Қай ата-ана болсын өз шаңырағында сәби дүниеге келгенде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Негізінен, жаңа туған сәбиге