«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасында роталық тактикалық топтың далалық оқу-жаттығуы өтті. Маневрлер барысында бөлімше командирлері ұрысты сауатты жоспарлауды, ал жеке құрам – заңсыз қаруланған құралымдарға қарсы тұруда үйлесімді іс-қимылды көрсетті. Жоспар бойынша жаттығу үш кезеңнен тұрды. Дабыл берілісімен көтерілген бөлімшелер тұрақты орналасу пунктінен жорыққа шығып, жеке құрам техникамен Түркістан облысындағы «Дарбаза» полигонына жеткізілді, жорықтың ұзақтығы