Қазақстандық актер Ерік Хамидуллаев сүйіктісі актриса Ақниет Беласароваға үйленуге ұсыныс жасады. Қуанышты жаңалықпен актер өзінің Instagram парақшасында бөлісті. Сүйіктісімен бірге түскен суретті жүктеп, оны «сен және мен сөзі «біз» сөзіне айналды», – деген мәтінмен толықтырды. Ғашықтарға әріптестері, және де желі қолданушылары бақыт тілеп, құттықтауда. Фото: Instagram/ @khami93