Қазақстандық продюсер, интервьюер, тележүргізуші Тимур Балымбетов пен оның жұбайы Лаура екінші рет ата-ана атанды, бұл туралы бақытты әке Instagram-да хабарлады. «Қош келдің, балам! Сен дәл осы күні — 4 қыркүйекте дүниеге келуді шештің, шамасы, менің туған күніме Құдай мен анаңның ең жақсы сыйы. Біз және сенің ағаң сені өте жақсы көреміз, ұлым!», —деп жазды Тимур Балымбетов өз парақшасында. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Timur Balymbetov (@balukz) Жұлдыз Әбдікәрімова, Динара Сатжан, Дина Төлепберген, Ақерке Бүркітбай және басқа да атақты адамдар Тимурды құттықтауға асықты. Ерлі-зайыптылар алғаш рет 2021 жылдың қарашасында ата-ана болды. Олардың Иса атты ұлы болды.