Бокстан Әзербайжан астанасы Бакуде дәстүрлі халықаралық «Ұлы Жібек жолы» турнир басталады. Халықаралық турнирде 11 елден келген 121 боксшы сынға түседі. Олардың арасында Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей, Польша, Қырғызстан, Тәжікстан, Иран, Италия, Пәкістан және Венгрия боксшылары бар.