Дзюдодан Қазақстан құрамасы Тбилисиде өткен әлемдік Grand Slam жарысын 1 алтын, 1 қола жүлдемен аяқтады. Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, соның нәтижесінде құрама жалпы медаль кестесінде 83 елдің ішінде 7-орынға тұрақтады.