Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Мадрид WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты. Қазақстандық теннисші төртінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 136-орында тұрған чехиялық, 18 жастағы Сара Бейлекпен кортта алғаш рет кездесті. Матч брейк алмасумен басталғанымен, Рыбакина ойынын тез түзеп, 4:1 есебімен алға шықты. Сетті жарты сағатта тағы бір брейкпен бітірді – 6:1.