Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы бас бапкер Сергей Якушинмен арадағы еңбек шарты бұзылғанын хабарлады. Якушиннің жетекшілігімен «Ертіс» биылғы маусымда 9 кездесу өткізіп, 6 рет жеңіске жеткен. «Ертіс» футбол клубы мен команданың бас бапкері Сергей Якушин екі жақтың келісімі бойынша еңбек қатынасын тоқтатты.