Конкурдан Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы екі күміс медаль алды. Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін командалық маршрут саналатын Ұлттар кубогы сапында Ксения Баталова, Ержан Мағжаев, Ясмин Ибрагимова және Шыңғыс Маликаждар сынды спортшылар бар Қазақстан құрамасы екінші орынға ие болды.