Спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында қазақстандық Милад Карими күміс медаль жеңіп алды. Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, Карими көпсайыстан 84.632 ұпай жинап, жалпы есепте екінші орынға табан тіреген. Алтын медальді әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, филиппиндік Карлос Юло еншіледі.