Қазақстандық, 19 жастағы Сандуғаш Кенжебаева жекелей сында Анталия (Түркия) ITF турнирінің ширек финалына өтті. Дүниежүзілік рейтингіде 1171-орында тұрған қазақстандық жас теннисші алдымен тартысты матчта ресейлік Милана Сафиуллинаны жолдан тайдырды – 7:6 (8:6), 6:4.