Бір күнде атлеттеріміз тоғыз жлдамаға қол жеткізді. Париж олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынған әлемнің әр түкпірінде өтіп жатқан лицензиялық турнирде отандастарымыз сәтті өнер көрсетті. Токиода каноэ мен байдаркада ескек есуден Азия чемпионатында Париж олимпиадасының жолдамларын сарапқа салған спортшыларымыздан сүйіншілі жаңалықтар келді. Онда отандастарымыз бірден төртжылдық басты додаға 6 лицензия жеңіп алып, жалпы жолдамалар санын 39-ға жеткізді.