Қазіргі таңда адам өмірін гаджеттерсіз және үнемі ақпараттың үлкен ағындарын қабылдайтын Интернетсіз елестету мүмкін емес. Көп ақпаратқа қолжетімділіктің болғаны жақсы көрінгенмен, цифрлық заманның кереғар тұстары жетерлік. Адамдар Интернетте қысқа бейнелерді немесе суреттерді көру арқылы шын өмірде тікелей байланысты азайтады, қиялдағы әлемнің құлына айналады.