Қазақстан халықаралық көлік қатынасында маңызды орын алады. Еліміз арқылы күн сайын мыңдаған жүк көлігі өтіп, түрлі тауар тасымалдайды. Көлік саны артқан сайын шекарадағы өткізу бекеттеріне түсетін салмақ та көбейіп отыр. Осы жағдаймен танысу үшін түсірілім тобымыз Өзбекстанмен шекарадағы Сарыағаш ауданындағы Бауыржан Қонысбаев атындағы кеден бекетіне арнайы барды. Мұнда тәулігіне екі бағыт бойынша 1500-ге дейін жүк […]