Қазақстанда жақын арада несие пайызының төмендеуі екіталай. Қаржыгерлер қауымдастығы жүргізген сауалнамаға қатысқан сарапшылардың басым бөлігі Ұлттық банк желтоқсан айында базалық мөлшерлемені қазіргі деңгейде сақтайды деп болжап отыр. Бұған инфляциялық тәуекелдердің әлі де жоғары болуы себеп. Бұл қарыз алушыларға қалай әсер етеді? Банк несиелері қашан қолжетімді болуы мүмкін? Несие нарығындағы ахуалды тілшіміз Аягөз Жәнібекқызы тарқатады. […]