Жылыту маусымында үйдегі қауіпсіздікке ерекше мән беру қажет. Әсіресе, пешпен жылытылатын баспаналар мен газ жабдықтары орнатылған үйлерде сақтық шаралары күшейтілуі тиіс. Осы мақсатта Шымкентте жауапты мамандар бірлесіп профилактикалық рейд жүргізіп, әлеуметтік осал отбасыларға газ дабылқаққыштарын тегін орнатуда. Жыл басынан бері Шымкентте табиғи газдан 180 адам уланып, 380 адам зардап шеккен. Бұл – алаңдатарлық көрсеткіш. […]