Шымкентте балаларға арналған шығармашылық сайыстарды ұйымдастыру ісі енді қалалық мәдениет басқармасының бақылауына алынбақ. Бұған дейін мұндай додаларды негізінен жекеменшік ұйымдар өткізген. Алайда олардың жұмысында қауіпсіздік пен әділ бағалауға қатысты мәселелер туындаған. Осы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында басқарма алғаш рет «Мәдениетім – мерейім!» атты өнер додасын өткізді. Сахнаға 5 пен 14 жас аралығындағы 200-ге жуық бала […]