Лента новостей

Абай облысындағы ауылды су әкетіп жатыр

Бақты ауылы

Бақты ауылында қар еріп, су үйдің ішіне кірген.

Мақаншы ауданы Бақты ауылында қар еріп, ауылды су басып жатыр, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Ауыл тұрғындарының айтуы бойынша 10 наурыз түстен кейін еріген қардың суы ауыл көшелеріне жайылған. Су қораға, тіпті үйдің ішіне де кірген.

Ал Абай облысы ТЖД ақпараты бойынша Мақаншы ауданы жергілікті атқарушы органдарының күшімен жұмыстар жүргізілуде. Жалпы 70-ке жуық адам мен 20-дан астам техника жұмыс істеуде деп жазды.

ЖАО және ТЖД күштерімен ахуалға мониторинг жүргізіліп жатыр.

Сурет: ашық дереккөздерден, ТЖД

Просмотров (3374)
ЖК CITEKO STAR desktop