Лента новостей

Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскери шеру өткізіле ме?

Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі ақпарат таратты.

2024 жылы Қазақстанда Жеңіс күніне орай шеру өткізу жоспарланбайды, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, мұндай шешім қабылдауға бюджет қаражатын үнемдеуге ұмтылыс себеп болып отыр.

"Қазақстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының қажетті деңгейін ұстап тұру басымдылық болып табылады", - деп хабарлады ведомство тілшіге.

Еске салайық, 2023 жылы Қазақстанда шеру өткізілген жоқ.

Сурет: Tengrinews.kz

Просмотров (4112)
ТопДок 1