Лента новостей

Абай облысының әкімдігі медициналық нысандарды салу жоспары туралы айтты

медицина

Абай облысында денсаулық сақтау нысанында "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" жобасы қолға алынуда, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.
Бұл туралы брифингте Абай облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Айдын Бегімбеков мәлім етті.

Үржар ауданындағы Қаратума ауылдық округінде дәрігерлік амбулаториясы әкімшілік ғимаратының құрылысы өтуде, жыл соңына қарай қолданысқа берілмек.

"Сонымен қатар Үржар балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қолданыстағы 2 қабатты ғимаратты кеңейту жоспарда бар. Денсаулық сақтау нысандарының 11 жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге жергілікті бюджеттен ақша бөлінді. Алда 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанын салу жоспарлануда", – деді  Айдың Бегімбеков.

Олардың ішінен:

  • дәрігерлік амбулатория – 15 нысан; 
  • фельдшерлік-акушерлік пункт – 10 нысан;
  • медициналық пункт – 40 нысан.

2023 жылы: 57 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанын салу жоспарлануда:

  • 34 – MP нысандары,
  • 14 – VA нысандары,
  • 9 – Фельдшерлік-акушерлік пункт нысандары.

2024 жылы: 8  алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанын салу жоспарлануда:

  • 6 – медициналық орталық нысандары,
  • 1 – дәрігерлік амбулатория нысаны,
  • 1 – фельдшерлік-акушерлік пункт нысаны.

Фото: Vostock-photo

Просмотров (1706)
ЖК CITEKO STAR desktop