Лента новостей

"Қазақмыс" кенішінде жұмысшы қаза тапты

өндірсте қаза болды

Қызметкер ауыр дене жарақатын алып, қаза болды.

"Қазақмыс" компаниялар тобы 2023 жылы 26 желтоқсанда Ұлытау ауданындағы "Жыланды" кенішінде болған қайғылы оқиға туралы хабарлады, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Сағат 18:30-да "Шығыс Сары-Оба" шахтасы учаскелерінің бірінде жерасты өздігінен жүретін машинаны жұмыс орнына алып бара жатып, жүргізуші абайсызда 1992 жылы туған жүргізушіні қағып кеткен. Нәтижесінде қызметкер ауыр дене жарақатын алып, қаза болды. Апаттың мән-жайы мен себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр", - делінген компания таратқан хабарламада.

"Қазақмыс" компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Фото:depositphotos.com

Просмотров (1832)
ТопДок 1