Лента новостей

Талдықорғандық бұрынғы сүйіктісінің тамағын кесіп жіберген: атышулы іс сотқа жолданды

шабуыл

Бұл туралы Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Талдықорғанда қыздың тамағын кесіп жіберген ер адамның ісі сотқа жолданды, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Жетісу облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұзақылық және бұзақылық ниетпен кісі өлтіруге оқталу (ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі, 9-тармағы және 293-бабы, 3-бөлігі) бойынша С-ның ісі бар", - деді Жетісу облыстық сотының ресми өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров.

Еске салайық, былтыр күзде Талдықорғанда болған жантүршігерлік қылмыс қазақстандықтарды елең еткізді. Ер адам өзінің бұрынғы сүйіктісіне шабуыл жасап, оның тамағын пышақпен кесіп жіберген. Мұның барлығы бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Сурет: видеодан үзінді

Просмотров (1189)
ЖК CITEKO STAR desktop