Лента новостей

Семей әкімдігі автобустарда кімге жеңілдікпен жол жүруге болатындығын айтты

Автобус және адамдар

Семей әкімдігі автобустарда кімге жеңілдікпен жол жүруге болатындығын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz Семей қаласының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала ішіндегі қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүру Семей қаласының келесі санаттағы азаматтарына белгіленеді:

  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарға – тегін жол жүру;
  • Көру қабілеті бойынша І топтағы мүгедектігі бар адамдарға жетектеушісімен – тегін жол жүру;
  • Көру қабілеті бойынша ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға - тегін жол жүру;
  • 70 жастан асқан зейнеткерлерге - тарифтің 50%;
  • Ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге – тегін жол жүру;
  • І топтағы мүгедектігі бар адамдарға жетектеушісімен - тегін жол жүру;
  • ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға - тегін жол жүру;
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға - тегін жол жүру;
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға - тегін жол жүру; 
  • Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балаларға - тегін жол жүру;
  • Көпбалалы отбасыларданшыққан балаларға - тегін жол жүру;
  • "Алтын алқа", алқаларымен наградталған аналарға – тарифтің 50%;
  • Мүгедектігі бар балаларға жетектеушісімен – тегін жол  жүру.

"Абай облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуді тапсырылды:

  • "Осы бірлескен Семей қаласы әкімдігінің қаулысы мен Семей қаласының мәслихаты шешімінің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін";
  • "Осы бірлескен Семей қаласы әкімдігінің қаулысы мен Семей қаласының мәслихаты    шешімінің оның ресми жарияланғанынан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын".
  • "Осы бірлескен Семей қаласы әкімдігінің қаулысы мен Семей қаласының мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Семей  қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін".
  • "Осы бірлескен Семей қаласы әкімдігінің қаулысы мен Семей қаласы мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі".

Фото: Arnapress.kz

Просмотров (2363)
ЖК CITEKO STAR desktop