Лента новостей

Семейде қоғамдық көліктер 100% электронды билетке ауысты

Семейде қоғамдық көліктер 100% электронды билетке ауысты

Соңғы маршруттарға валидорлар жылдың 31 желтоқсанда орналастырылып, іске қосылып, жаңа жылда қоғамдық көліктердің барлығы электронды билетке ауысты.

Семей қаласының қоғамдық көліктерінде электронды билеттеу жүйесі 2021 жылғы 20 қаңтардан бастап енгізілді, деп хабарлайды Аrnapress.kz тілшісі облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай облысы Семей қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Н. Омаровтың айтуынша, барлық қалалық автобустар валидаторлармен, QR кодтармен жабдықталған.

"Электрондық билет жүйесі - бұл ең алдымен ашықтық, жолаушылар ағынын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді, - дейді бөлім басшысының орынбасары.

Жол жүру ақысын көлік карталары, "Аvtobys" мобильдік қосымшасы арқылы және қолма-қол ақшамен төлеуге болады.

Естеріңізге сала кетейік, Семей қаласында 4 түрлі төлеу карталары қарастырылған. Олардың арасында жеңілдетілген және тегін жол жүруге арналған карталар бар.

Фото: Аrnapress.kz

Просмотров (1455)
ЖК CITEKO STAR desktop