Лента новостей

Қазақстанда 200 мыңға жуық адам шизофренияға шалдыққан

науқас

Денсаулық сақтау министрлігі психикалық ауытқуы бар қазақстандықтар туралы мәлімет жариялады.

Қазақстанда 200 мыңға жуық адам шизофренияға шалдыққан, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігі Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, психикалық және мінез-құлық ауытқулары бар 198 417 адам динамикалық бақылауда тұрғанын хабарлады. Олардың ішінде:

  • 41 014 бала;
  • 82 914 әйел;
  • 115 503 ер адам.

"Алайда психикалық және мінез-құлық ауытқуларының болуы стационарлық емдеуге көрсеткіш болып табылмайды. Стационарлық емдеу аурудың жедел ағымы және/немесе өршуі кезінде көрсетіледі. Стационарлық ем алғаннан кейін пациенттер амбулаторлық бақылауды жалғастырады", - деді ведомство өкілдері.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша "шизофрения" диагнозымен дәрігерлердің бақылауында 289 бала, 19 405 әйел және 19 586 ер адам болған.

2023 жылы психикалық денсаулық орталықтарында 70,5 мың науқас, оның ішінде 8 мыңнан аса бала емделген. 1 қаңтардағы жағдай бойынша Психикалық денсаулық орталықтарында 7223 науқас болған.

Фото:depositphotos.com

Просмотров (3102)
ЖК CITEKO STAR desktop