– Жалғанда күйеуі бар келіншекке жұғыспау керектігін былайғы жұрттан талай естігем. «Ол дегенің баяу жарылатын мина секілді, түбінде бір бұрқ етіп, күліңді көкке ұшырады» десетін. Сол ғибрат рас боп шықты… Менің өмірімде де осыған ұқсас, әлі күнге жүрегімді біздей піскілеп, шаяндай шағатын бір қидалы жағдай өткен. Ол туралы ойласам болды, әлі күнге өзегімді өрт шалғандай болам…