19 мамыр күні Ақмола облысындағы Бестөбе кенішінің «Орталық» шахтасында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы. Алдын ала мәлімет бойынша, екі адам заңсыз түрде кен қазуға кірген кезде тау-кен массасы опырылып түскен. Салдарынан 38 және 21 жастағы екі ер адам оқиға орнында қаза тапты. Марқұмдардың Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары екені анықталды. Олардың денелері шахтадан шығарылған. …The post Ақмола облысындағы шахтада екі адам көз жұмды appeared first on QANDASTAR.KZ.