Жетісу облысындағы ауылдардың бірінде тұрғындар арасындағы жанжал соңы төбелеске ұласқан, деп хабарлайды qandastar.kz порталы. Әлеуметтік желіде тараған видеоларда белгісіз адамдардың үйлердің терезесін сындырып, тұрғындарға қоқан-лоқы көрсеткені айтылған. Оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, жанжалға қатысы бар барлық азаматтың жеке басы анықталған. Қазір тергеушілер оқиғаның мән-жайын жан-жақты зерделеп, қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. …The post Жетісуда ауылдастар арасындағы жанжал қылмыстық іске әкелді (ВИДЕО) appeared first on QANDASTAR.KZ.