Алматыдағы бірқатар университет пен колледж Қонаев қаласына көшіріледі. Мегаполистегі көлік кептелісін шешу үшін Алматы облысының атқамінерлері осындай амал ұсынып отыр. Олар жаңа салынатын студенттер қалашағына арнайы аумақ бөлмек. Бірақ бұл, әзірге идея күйінде, деп хабарлайды Zakon.kz.