Қазір қазақстандық жастар шетелде білім алу үшін ең жиі таңдайтын елдердің бірі – Түркия. Бұған оқу ақысының қолжетімділігі ғана емес, ортақ мәдениет пен рухани жақындық та әсер етсе керек. Соңғы жылдары екі ел арасындағы студент алмасу бағдарламалары көбейіп, жаңа білім жобалары іске қосылып жатыр.