Танымал сазгер Марат Омаров пен әнші Нұрлан Өнербаев арасындағы «Анашым» әніне қатысты дау қайта өршіді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Бұған дейін композитор аталған туындыны орындауға Нұрлан Өнербаевқа қарсылық білдірген еді. Жақында әлеуметтік желіде Нұрлан Өнербаевтың концерттерінің бірінде айтқан сөзі тарады. Әнші көрермен алдында әннің авторы кім екені немесе мәтінін кім жазғаны маңызды емес екенін айтқан. …