19 маусымнан бері елордадағы Қорғалжын тас жолы мен Қосшыға қарай баратын айналма жол арасында қураған шөп пен қамыс өртеніп жатыр. Кеше қаланы қалың түтін басты. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Zakon.kz тілшісіне хабарлауынша, сегіз адамға ыс тиген, оның ішінде екі бала бар.