Қонаев қаласындағы мектептердің бірінде баспалдақтан құлаған 11 жастағы оқушы көз жұмды. Оқиға 16 қарашада сағат 13:18 шамасында, сабақ арасындағы үзіліс кезінде болған. Оқушы үшінші қабаттағы баспалдақ қоршауымен сырғанап түспек болған. Сол сәтте ол тепе-теңдігін жоғалтып, екінші қабатқа құлаған. Салдарынан басынан ауыр жарақат алған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, бала аса ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Оқушыны …