Қылмыскерлердің арасында мынадай түсінік бар: әрбір адамның әлсіз жағы болады, сол әлсіз жері арқылы пендені айтқанға көндіріп, өз дегеніңмен жүргізу қиын емес. Ал адамның әлсіздігі – байланған рахат алу нысаны. Осыған орай, адамның ең басты және қатерлі жауы – байлану десек, шындықтан алыс кетпейміз.