Алматы облысы, Іле ауданына қарасты Жомарт саяжайында бір отбасының тірегі мен үш сәбиі газдан уланып,қайтыс болды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, үй иесі газ пешіне 25 литрлік газ балонын өз қолымен қосып, ұйықтап қалған. Бұл уақытта марқұмның әйелі – балалардың анасы үйде болмаған. Ол түнгі ауысымда жұмыс істеп, таңертең үйіне оралғанда туғандарының денесін тапқан.