Іле халық баспасынан 2009 жылы жарық көрген, Қаһарман Мұқашұлы мен Кәкеш Қайыржанұлы аударған «Чиң әулеті сарай жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер» атты кітап негізінде желілес беріліп келе жатқан мақаламызды жалғастырамыз. Бұл жолы Чянлұңның 21-жылы 4-айдың 24-күніне, яғни 1756 жылғы 22 мамырға қатысты жазбаны негізге алып, Әмірсана дағдарысы тұсында Чиң сарайының Абылай ханға жасаған қысымы қалай күшейгенін, қазақ-чиң қатынасының дипломатиялық ескертуден ашық әскери қоқанлоқыға қалай ойысқанын талдаймыз.