XIX ғасырдағы қазақ даласының ең жарық ойлы перзенттерінің бірі болған Шоқан Уәлихановтың небәрі жиырма тоғыз жыл өмір сүрді. Бірақ осы аз уақыттың ішінде ол артына өшпестей мол қазына қалдырды – көшпелі қоғамның ауызша жадын, Шығыс Түркістанның саяси-географиялық болмысын, қырғыз эпосын, қазақтың құқықтық дәстүрін, дала топонимикасын және империялық архивтердегі деректерді бір арнаға тоғыстырған сирек зерттеушіге айналды. Ол даланы көкірек көзімен тани білген зерттеуші ғана емес, әрсапарын жүйелі интеллектуалдық еңбекке айналдырған ғалым болды. Яғни ол этнограф та, географ та, тарихшы да, әдебиеттанушы әрі көсемсөзші де еді. Сондықтан Шоқан туралы сөз қозғау – қазақ даласының XIX ғасырдағы білімге ұмтылысы, империя мен шекара, шығыс қолжазбалары мен ауыз әдебиеті, ғылым мен саясат тоғысқан тұсты түсіндіру.
Мәдениет