Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің кезекті отырысы онлайн форматта өтті. Жиында ЕАЭО-ның басқа елдермен сауда байланысын дамыту, техникалық реттеу, тауарлардың шығу тегін анықтау және өндірушілердің мемлекеттік сатып алуларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері қаралды. Қазақстан делегациясын Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин басқарды.