Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында сумен жабдықтау, энергетика және коммуналдық инфрақұрылым нысандарын аралап, жаңғырту жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты. Сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша кеңес өткізді.