Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Германияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Хайке Пайчпен кездесіп, оны дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтады. Тараптар өнеркәсіптік кооперацияны, инвестиция тартуды және бірлескен жобаларды дамытуды қосқанда, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективасын талқылады.