Премьер-министр Олжас Бектенов Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында өңірдің өнеркәсіптік әлеуетімен, ірі өндіріс орындардың қызметімен және инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Өнеркәсіпті дамыту және еліміздің өндірістік әлеуетін нығайту – Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басым бағыттардың бірі.