Түркістан облысында «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылыс жұмыстарын аяқтауға Инфрақұрылымдық даму қоры есебінен 1,2 млрд теңге қарастырылды. Жоба Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған су ресурстарын тиімді әрі үнемді пайдалану жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылуда. Нысандағы құрылыс жұмыстарын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.