Павлодар облысында кәсіпкерлікті дамытуға бөлінген мемлекеттік гранттардың белгіленген мақсатсыз бөлінгені анықталды. Прокуратураның тексеруі нәтижесінде 14 грант алушының өз міндеттемелерін орындамағаны белгілі болып, жалпы сомасы 18 млн теңгені мемлекетке қайтару шаралары қабылданған, деп хабарлайды Tizgin.kz Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасап. Павлодар облысы Ертіс ауданының прокуратурасы кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік гранттардың қалай жұмсалғанын тексерген. Аталған қаражат азаматтарға …