2023 жылғы шілдеден бастап Қазақстан ШЫҰ-ға төрағалық етеді. Төрағалық ету кезеңінде Қазақстанның күш-жігері өзара ынтымақтастықтың барлық бағытын, атап айтқанда, қауіпсіздік, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды теңгерімді дамытуға, сондай-ақ ШЫҰ қызметін жетілдіруге және оны жемісті ынтымақтастық үшін сенімді тұғырнама ретінде орналастыруға бағытталады, - деп атап өтті СІМ басшысының орынбасары брифингте.