Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Санжар Боқаевтың ісі бойынша екінші айыпталушы – Ұлан Нүсіпқожа соңғы сөзін сөйледі. Ол өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді және соттан бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.