ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» (ЭКСЖ) ұлттық жобасын жүзеге асыру жөніндегі Жобалық кеңсенің отырысы өтті. Инфрақұрылымды жаңарту барысы, жекелеген өңірлер бойынша жұмыстарды жеделдету үшін шаралар қабылдау және 2027 жылға арналған жобаларды дайындау мәселелері қаралды.